Күліп тұрам, ішімнен жыласам да,
Төзе білем - сүрініп құласам да.
Жолын тауып, шығуға тырысамын,
О, Жаратқан тағдырымды сынасаң да.
Осы бір өлең жолдарын оқыған сайын, маған айтылған сияқты болады да тұрады.😊 Талай ішің итше ұлып тұрып, күлуге тура келген кездер де болды.
Алланың сынағынан сурініп құлаған кездерім де, еңбектеп тұрамын дегенше, еңсеңді көтертпей, тепкілеп, онан сайын итеріп, құлатып жатқан адамдарды да көруге тура келді.
Сол қиындықтарды жеңіп шығатын жол іздеп, тынбай ізденісте жүргеніңде, сені алдап адастырғысы келетіндер де кездесті жолда.
Бірақ Алла пендесі көтере алмайтын сынақ бермейді ешқашанда.
Сол қиындықтарды маған айналамдағы адамдардың кім екенін және басыма түскен қиыншылықтарда қаншалықты маған жақын болатынын білуге әдейі берілген деп ойлаймын.
Алланың құдіреті соншалық, "ешқандай шешуі жоқ біттім"- деп тұрған кезімде, қалай екенін білмеймін әйтеуір бір шешімі табылып, сол қиындықтан шығатын жол табыла кеткен кездерде болды.
Көп нәрсенің өз түпсанамыздан екенін білген кезде, ешкімге қарғыс айтпай тек үндемей жеңу керек екенін білген кезде, ақшаны бірінші орынға қоймай, мақсатыңды бірінші орынға қою керек екенін білген кезде, сені ренжіткен, я сен ренжіткен адамдарға кешірім жіберу керек екенін білген кезде, мына өмір мен ойлағандай жаман, қара түнек емес екенін білген кезде, әрбір атқан таңыма, қолымдағы барыма шүкіршілік айту керек екенін білген кезде, ешкімді сынап, жамандамаған кезде, күнде сені жақтырмай қарайтын көршіңе күліп амандасу керек екенін білген кезде, менің өмірім 180° өзгеріп шыға келді.
Осының барлығы рас нәрсе және мына сөздерді жазып отырған адамның басынан өткен нарсе.
Мен жасай алған істі сізде жасай аласыз, сіздің де қолыңыздан келеді, тек шыдамдылық пен табандылық керек. Мына әлем сен ойлағандай жаман, қара түнек емес, бүгін күн бұлтты болып жаңбыр жауып тұрса, ертең күн шығып айнала жарық болады. Алланың берген әрбір күні, ең керемет күн және Алланың саған берген тағы бір мүмкіндігі. Сондықтан әрбір күнімізді және Алланың берген әрбір мүмкіндігін бағалай білейік.
Ой, бүгін бір шабытым келіп тұрғанын-ай😅 ал мен осымен болдым барлықтарыңызға әлемнің барлық жақсылықтарын тілеймін🤗💖